Жаңалықтар

Ұлытау облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

ашық дереккөзі

Ұлытау облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

Ұлытау облысында жол апатынан 5 адам қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 27 шілде сағат 15:20 шамасында Жезқазған-Қарағанды тасжолында Toyota 30 автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан Toyota-ның жүргізушісі мен 4 жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Полиция көлік жүргізушілеріне жолдағы сақтық шараларын естен шығармауды ескертеді.