Жаңалықтар

«Қарызсыз қоғам» – ауыл тұрғындары несиесін өтеп, тұрмысын түзеп жатыр

ашық дереккөзі

«Қарызсыз қоғам» – ауыл тұрғындары несиесін өтеп, тұрмысын түзеп жатыр

Қаржылық сауаттылығын арттыру, несиеқарызынан құтылып, тұрмысын түзеу – «Қарызсыз қоғам» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындары тренерлерге осындай сұраныспен келеді.

Біз аталған бағдарлама аясында білімін жетілдірген адамдардың шынайы оқиғасы мен оларға қаржы сарапшыларының көрсеткен көмегі туралы баяндауды жалғастырамыз.

Батыс Қазақстан облысына қарасты Қаратөбе ауылынан келген тағы бір жоба қатысушысының да жағдайы мәз емес. 2014 жылы ол ауылға көшіп, 2,7 млн теңгеге үй сатып алған. Алғашқы алты айда несиені уақтылы төлеп келген ол кейінен декреттік демалысқа шығуына байланысты қарызын төлеуді кешіктірген. Содан бері несиесін қайтара алмай, қарызы ай сайын өсіп жатыр. Тұрғын үй несиесінен бөлек, оның ай сайынғы төлемі 45 мың теңгені құрайтын басқа да қарыздары бар болып шықты. Жалақысының 85%-ын банк ұстап қалатыны жағдайды одан әрмен қиындатып отыр. Осылайша, сәуір айында жалақысынан тек 1803 теңге қолынатиді. Тұрғынның мәселесін заңгерлер мен банк бөлімшесінің басшысы несие шарттарын жеңілдету үшін бірлесіп шешпек. Олар барлық қажетті құжаттарды жинап, қажетті мекемелерге бірлесіп жібереді.

Бұған дейін айтқанымыздай, жобаға көпбалалы аналар да жиі қатысады. Мәселен, бүгінде сегіз бала тәрбиелеп отырған Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының тұрғыны мал шаруашылығы саласында өзінің шағын бизнесін ашуға ниетті. Сарапшылар оғансұранысты зерттеуге, бизнес-жоспар құруға көмектесті. Содан соң ғана тұрғын грант алу үшін конкурсқа қатысып, бизнесті бастауға мал сатып алуды жоспарлап отыр. Енді ол өзі тұратын ауылда сүт өнімдерінің әртүрін шығарып, тұрақты табыс таба алады.

Жобаға қатысушылардың осындай оқиғалары мен пікірлері «AMANAT»партиясының Halyk Bank-пен бірлесіп қолға алған «Қарызсыз қоғам» жобасының олардың қарыздан құтылып, тұрмысын түзеуге көмектесіп жатқанын растайды.

Қазіргі таңда «Қарызсыз қоғам» аясында Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау және Маңғыстау облыстарының тұрғындары арнайы оқу бағдарламасынан өтіп жатыр. Бағдарлама жыл соңына дейін жалғасады. Оған қатысу үшін партияның өңірлік филиалына хабарласу қажет.