Жаңалықтар

Абай облысында үшемдердің отбасына баспана берілді

ашық дереккөзі

Абай облысында үшемдердің отбасына баспана берілді

Абай аймағы жаңадан құрылғалы бері дүниеге келген алғашқы үшемнің отбасына Семей қаласынан баспана берілді, деп хабарлады turkystan.kz. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев үшемді қосқанда 8 балалы болған жас отбасын құттықтап, 3 бөлмелі пәтер сыйға тарту етті. «Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры» деген дана халқымыз баланы байлық пен берекеге балаған. Сіздер қасиетті Абай жерінде дүние есігін ашқан тұңғыш үшемнің ата-анасы атанған бақытты жансыздар. Келешекте Бегімай, Бек-Мұхаммед пен Бегайым үміттеріңізді ақтап, мерейлеріңізді үстем ететін ұлтымыздың ардақты азаматтары болатынына сенімдімін», – деді Нұрлан Ұранхаев өз құттықтауында.