Жаңалықтар

Төлеби ауданы «AMANAT AQYLMAN» жеңімпазы атанды

ашық дереккөзі

Төлеби ауданы «AMANAT AQYLMAN» жеңімпазы атанды

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қолдауымен «Жастар рухы»  ЖҚ Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен «AMANAT AQYLMAN» атты интеллектуалы ойыны өз мәресіне жетті. Облыс көлемінде аудан, қалалардан іріктелініп, жүзден жүйрік атанған 17 команда облыс орталығында бақ сынады.  Әр ауданның үздіктері сынға түскен тартысты сайысты «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. 4 кезеңнен құралған ойында қатысушылар үшін сұрақ-жауапқа  1 минут уақыт берілді. Әр команда құрамы 6 белсенді қатысушылардан құралған. Ойынның бір ерекшелігі сайыс барысында қатысушылар смартфон, планшет қолданбай өз ұтқырлығы мен білімін сынай білді. Ойын соңында төрешілердің шешіміне сәйкес жеті кезеңнің жеңімпаз командалары анықталып, партия филиалының төрағасы Алтынсары Дүйсенбекұлы I, II, III  орын иелеріне арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етті. Турнир қортындысы төмендегідей: 1- орын Төлеби ауданы, «Жалын» командасы 2-орын Бәйдібек ауданы, «ВВС» командасы 3-орын Түркістан қаласы, «Тұран БАҚ» құрамасы