Жаңалықтар

Аманаттықтар елордадағы мектептің құрылысын өз бақылауына алды

ашық дереккөзі

Аманаттықтар елордадағы мектептің құрылысын өз бақылауына алды

«AMANAT»-тың Астана қалалық филиалына қарасты партиялық бақылау комиссиясының бірқатар мүшесі «Есіл» және «Нұра» аудандарында салынып жатқан білім беру нысандарын аралады. Бақылау комиссиясының мүшелері Шахим Насибов және Айдос Шәріпжанов №17 мектептегі  350 орындық және Үркер тұрғын алабындағы 900 орындық білім ошағындағы қосымша ғимарат құрылысымен танысты. Олардың айтуынша, нысандарға құрылыс жұмысын жүргізуге қажетті қаржының уақтылы бөлінбеуі және арнайы жүк техникасына жол схемасының бекітілмегені салдарынан жұмыс кешіктіріліп жатыр. Мектептегі 350 орынға арналған қосымша құрылысты 2022 жылы «SHEBERBUILD» ЖШС мердігерлік компаниясы бастаған. Құрылыс заттарының бағасының өсуіне байланысты сметалық құжаттама өзгертілді.  Мердігер компания өкілдері қаражат бөлінгеннен кейін құрылысты жеделдетуге уәде берді. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 60%-ы аяқталды.