Жаңалықтар

Ақша жымқырды деп айыпталған шенеунік ақталып, қызметіне оралды

ашық дереккөзі

Ақша жымқырды деп айыпталған шенеунік ақталып, қызметіне оралды

Маңғыстау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жұмабаев сот үкімі бойынша ақталып шықты, деп хабарлады turkystan.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Қанат Жұмабаев ресми түрде 2023 жылдың 19 шілдесінде жұмысқа оралды, – деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, Қанат Жұмабаев 2022 жылдың тамыз айында Маңғыстау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып жұмыс істеген кезде жұмыс орнында ұсталған. Шенеунік бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінген. Мамыр айының соңында Ақтау соты Қанат Жұмабаевқа ақтау үкімін шығарды.