Қазақстандық оқушы әлемнің үздік математигі атанды

Қазақстандық оқушы әлемнің үздік математигі атанды

Қазақстандық оқушы әлемнің үздік математигі атанды
ашық дереккөзі

Астаналық оқушы Әли Насырбек жыл сайын өтетін Copernicus Olympiad сайысына қатысып, әлемнің үздік математигі атанды, деп хабарлады turkystan.kz qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. Жарысқа 23 елден 360 оқушы іріктелген. Қазақстан намысын 51 бала қорғады. Дүбірлі додада топ жарған оқушы болашақта үздік оқу орындарына түскісі келеді.

«Байқау АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтті. Біз әлемнің ең мықты оқу орындарының бірі Колумбия университетінде болдық. Кейін Бостонға барып, Гарвард пен МІТ университеттерін көрдік. Мен МІТ-ге түсуді армандаймын», - деді Copernicus Olympiad жеңімпазы Әли Насырбек.