«Челябі – Новосібір» автожолының құрылысы 2024 жылы аяқталады – AMANAT
«Челябі – Новосібір» автожолының құрылысы 2024 жылы аяқталады – AMANAT
Петропавл қаласынан Қорған шекарасына дейінгі "Челябі – Новосібір" республикалық маңызы бар жол учаскесінің жөндеу жұмысы 2017 жылы басталған еді. Жұмысына салғырт қараған мердігерлер мен ұзаққа созылған сот процесі салдарынан тоқтап қалған құрылыс биыл қайта жалғасын тапты, деп хабарлады turkystan.kz.
Қазіргі уақытта бұл нысанда мердігерлік қызметті «ҚазСтройТехник» ЖШС жүзеге асыруда. Мамлюткадан «Жаңа жол» бекетіне дейін қайта жаңартылатын учаскенің жалпы ұзындығы - 56 км. Жолды жөндеу жұмысына республикалық бюджеттен шамамен 10 млрд теңге бөлінді. Оның 3,5 млрд теңгесі 2023 жылға жоспарланған.