Жаңалықтар

Оралда 2 жасар қыз үй ауласындағы дәретханаға құлап, мерт болды

ашық дереккөзі

Оралда 2 жасар қыз үй ауласындағы дәретханаға құлап, мерт болды

Оралда 2 жасар қыз үйінің ауласындағы дәретханаға құлап, мерт болды, деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға 21 шілде күні сағат 20:00 шамасында Деркөл ауылында болған. «Абылайхан көшесінде орналасқан үйлердің бірінің ауласындағы көше дәретханасынан Ә. есімді кәмелетке толмаған 2021 жылғы қыздың мәйіті табылды. Ол үйінің ауласында ойнап жүргенде ауладағы дәретхананың шұңқырына құлаған. Қыздың дәретханаға құлап кеткенін көрген ойнап жүрген балалар дереу ата-анасына хабарлаған. Оқиға орнына жедел-жәрдем келгенімен, қыз бала жан тәсілім еткен. Оқиға болардан бұрын қыз бала қараусыз қалған», - деп хабарлады полициядан. Аталған факт СДБТ-ға жазатайым оқиға ретінде тіркелді.