Жаңалықтар

Өмірлік махаббат дастаны

ашық дереккөзі

Өмірлік махаббат дастаны

Биыл 5, 8, 9, 22, 23 шілде күндері Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры қазақтың халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің қаламынан туындаған «Қыз-Жібек» этно-фольклорлық мюзикл премьерасын көрермен назарына ұсынды. Бүгінде либреттосын жазушы-драматург Ғ.Мүсірепов, музыкасын композитор Е.Брусиловский жазған «Қыз Жібек» музыкалық драмасы  ұлттық операның інжу-маржанына айналған. Премьераға Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Қыз Жібек» кинофильмінің басты кейіпкері Меруерт Өтекешова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаев және тағы да басқа қонақтар қатысты. Шығармашылық топтың басты мақсаты – операдағы орындалатын ариялар мен хорлардың, күйлер мен билердің барлығы халық әндері мен халық композиторларының  музыкалық шығармалары болғандықтан, әу баста симфониялық оркестрге арнап жазылған партитурасын қайтадан рухани тамыры мен өзегіне оралту. Сонымен қатар халық аспаптар ансамблінің орындауына лайықтап қайтадан жазып, этно-фольклорлық мюзиклге айналдыру. Мюзиклде халық әндері мен күйлері орындалды.