Шымкентте 10 жастағы бала фонтанға батып кетті, деп хабарлады turkystan.kz Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 24 шілдеде сағат 19:30 да болған.
Шымкент қаласы Қаратау ауданы Н.Назарбаев даңғылында орналасқан субұрқақта 2013 жылғы ер бала суға шомылып жүріп, оқиға орнында қайтыс болған. Жеткіншек ата-анасының қарауынсыз қалған. Қазіргі таңда Полиция департаменті сот медициналық сараптама жасады, - дейді ведомство.
Қала аумағында суда жаппай демалу, туризм және спорт үшін 5 ресми орын белгіленген, оның үшеуіне шомылуға рұқсат етілген. Суға шомылуға рұқсат етілмеген, тыйым салынған 13 орын белгіленген.
Жалпы, департамент тарапынан әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша су пайдалану қағидаларын бұзған 11 адамға 132 825 теңге айыппұл салынды, ал Полиция департаментінің тарапынан 364-бап бойынша 12 адамға ескерту берілген. Осы кодекстің 440-бабы бойынша 4 адамға 37700 теңге айыппұл салынған, - дейді Төтенше жағдайлар департаменті.