Жаңалықтар

ҰБТ базасын қолданып, жоғары балл алуға көмектескендер ұсталды

ашық дереккөзі

ҰБТ базасын қолданып, жоғары балл алуға көмектескендер ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстары бойынша ҰБТ-ны өткізу және педагогтардың білімін бағалауға жауапты ұйымның жекелеген қызметкерлерінің заңсыз әрекетінің алдын алды, деп хабарлады turkystan.kz. Күдіктілер серверлік жабдықтар мен басқа да ақпараттық ресурстарға қол жеткізе отырып, арнайы бағдарламамен талапкерлерді, педагогтарды біріктіретін компьютерлерге қашықтан қосып, ақшалай сыйақы үшін оларға жоғары тестілеу нәтижелерін алуға жәрдем көрсетті. «19 шілдеде үш адам ұсталды. Тінту жүргізу кезінде қашықтан қосылуды, ақшалай қаражат және басқа да заттай дәлелдемелерді қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар мен бағдарламалар табылды және тәркіленді», – деді ҰҚК баспасөз қызметі.  Қылмыстық кодекстің 207 («Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникация желілерінің жұмысын бұзу») және 210 («Зиянды компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату») баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды. 2022 жылы осындай қылмыстар үшін алты адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.