Жаңалықтар

Головкин Қазақстанға келе жатыр

ашық дереккөзі

Головкин Қазақстанға келе жатыр

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы – қазақстандық Геннадий Головкин еліне оралады, деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. «Елге Гена ағамызбен қайттық! Оның DAZN арнасынан менің жекпе-жегімді көргеніне қуаныштымын» деп жазды боксшы Сұлтан Заурбек Instagram-парақшасында. Бұған дейін 41 жастағы Головкин кәсіби мансабындағы соңғы жекпе-жегін Қазақстанда өткізуі мүмкін екені хабарланған болатын.