Жаңалықтар

Мурата Головкиннің «елесінен» шошып жүр

ашық дереккөзі

Мурата Головкиннің «елесінен» шошып жүр

Жапониялық боксшы Риота Мурата GGG-мен күтпеген «кездесуі» туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.  Ол «GGG Cafe» (Good Green Garden) деп үлкен әріптермен жазылған кафені кездейсоқ көріп қалған. «Токусима префектурасынан қайтып келе жатып, Ханэда әуежайында еш себепсіз тоқтап тұрып қалдым» деп жазды Мурата өзі түсірген суреттің астына. Еске салайық, өткен жылдың сәуір айында Риота Мурата (16-3, 13 КО) Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) жұдырықтасып, тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңілген болатын. Осы жекпе-жектен кейін жапониялық боксшы мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады.