Атырауға азық-түлік Ресейдің көршілес облыстарынан келеді – Эльдар Жұмағазиев
Атырауға азық-түлік Ресейдің көршілес облыстарынан келеді – Эльдар Жұмағазиев
Осылайша, аймақ шетелдік фермерлерді «асырап» отыр. Отандық азық-түлік өндірісін дамытудың маңыздылығы туралы «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңестің отырысында айтылды.
Партия Хатшысы Эльдар Жұмағазиев атап өткендей, еліміз бойынша ең үлкен табыс Атырау облысында деген сөз жиі айтылады. Бірақ, өкінішке қарай, табыс қанша көп болса да, оның екінші айналымы жоқ, қаражат импорт арқылы елден «шығып кетіп жатыр». Сондықтан Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлерді субсидиялау тәсілдерін қайта қарауы тиіс.