Қазақстанда жаңа туристік орындардың тізімі бекітіледі

23 шілде, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Қазақстанда жаңа туристік орындардың тізімі бекітіледі
Еліміз бойынша туристер саяхаттап баратын орындардың саны артады. Ашық НҚА порталында жарияланған Мәдениет және спорт министрінің бұйрық-жобасында туристік орындардың тізімін толықтыру жоспарланып отырғаны жазылған.
Құжатқа сай, енді Қазақстан бойынша туристік аумақтар қатарына мына орындар енгізіледі: - Абай облысының «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі; - Абай облысындағы Алакөл көлінің жағалауы; - Шығыс Қазақстан облысының «Қатонқарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі; - Балқаш, Приозерск қалаларын қоса алғанда, Қарағанды облысының Балқаш көлінің жағалауы; - Жетісу облысының «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі; - Жетісу облысындағы Балқаш көлінің жағалауы; - Жетісу облысының «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі; - Жетісу облысындағы Алакөл көлінің жағалауы; - Абай облысындағы Шошқалы көлінің курорттық аймағы; - Абай облысындағы «Абай-Шәкәрім» кесенелер кешені; - Абай облысындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы; - Ақтөбе облысындағы «Қарғалы» су қоймасының курорттық аймағы; - Ақтөбе облысындағы «Ақтолағай» тау жотасы; - Ақтөбе облысындағы «Барқын» құмдары; - Ақтөбе облысындағы «Аққұм» құмдары; - Ақтөбе облысындағы «Қасқыр» сарқырамасы; - Жетісу облысындағы Текелі қаласы; - Қызылорда облысындағы «Ханқожа» көлі; - Қызылорда облысындағы «Қорқыт ата» кесенесі; - Қызылорда облысындағы «Қамысты» көлінің курорттық аймағы; - Қызылорда облысындағы Жаңақорған балшық курорттары; - Түркістан облысындағы Үкаша ата кесенесі мен құдығы; - Түркістан облысындағы Бәйдібек ата кесенесі; - Түркістан облысындағы Домалақ ана кесенесі; - Түркістан облысындағы Қос ана кесенесі; - Түркістан облысындағы Баба түкті Шашты Әзіз кесенесі; - Түркістан облысындағы Ысқақ баб кесенесі; - Түркістан облысындағы Ақбикеш мұнарасы; - Түркістан облысындағы Шәммәт ишан мешіті; - Түркістан облысындағы Мажратұт мыңжылдық тұт ағашы; - Түркістан облысындағы Кеме қалған монументі; - Түркістан облысындағы Жылаған ата үңгірі; - Түркістан облысындағы Келіншектау тау жотасы; - Түркістан облысындағы Сарыағаш курорттық аймағы; - Түркістан облысындағы Ақмешіт үңгірі; - Түркістан облысындағы «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі; - Түркістан облысындағы Ақсу шатқалы; - Түркістан облысындағы Келте Машат шатқалы; - Түркістан облысындағы «Қаратау» мемлекеттік табиғи қорығы; - Түркістан облысындағы «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығы; - Ұлытау облысының «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және музей қорығы; - Ұлытау облысындағы «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені; - Шымкент қаласындағы «Шым қала» тарихи мәдени-кешені; - Шымкент қаласындағы Ибрагим ата кесенесі; - Шымкент қаласындағы «Қарашаш ана» кесенесі; - Шымкент қаласындағы «Мірәлі баба» кесенесі; - Шымкент қаласындағы «Хызыр» мұнарасы; - Шымкент қаласындағы «Абділ Әзіз баб» кесенесі. Туристік бағыттар тізімін кеңейтуді көздейтін министр бұйрығы 4 тамызға дейін көпшілік талқылауда болады.