Жаңалықтар

Алматы маңында жер сілкінісі болды

ашық дереккөзі

Алматы маңында жер сілкінісі болды

Алматы сейсмостанциялары жаңа жер сілкінісін тіркеді. «ТЖМ» СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 22 шілдеде Алматы уақытымен 14:52-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 299 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан», –  делінген «Алматы» Орталық коммуникациялар қызметінің кезекші операторының хабарламасында. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.2. MPV магнитудасы – 4.6. Тереңдігі – 10 шақырым. Сезгіштігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша) жоқ.