Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Шотландияда жеңіске жетті

21 шілде, 2023 / Әбіл Мансұр
ашық дереккөзі
Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Шотландияда жеңіске жетті Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Заурбек (14-0, 10КО) Эдинбург қаласында (Шотландия) испаниялық Джон Картермен жұдырықтасып, қарсыласынан басым түсті, деп хабарлады turkystan.kz.  Бұл 27 жастағы отандасымыздың кәсіпқой бокстағы он бесінші жеңісі. 10 раундқа жоспарланған жекпе-жекті Сұлтан уақытынан бұрын аяқтады. Төреші айқасты үшінші раундта тоқтатты.