Жаңалықтар

Қырғызстанда президент сайлауы 19 қарашада өтуі тиіс

ашық дереккөзі

Қырғызстанда президент сайлауы 19 қарашада өтуі тиіс

Қырғызстанда президент сайлауы конституциялық заңға сәйкес қараша айының үшінші жексенбісінде - 2017 жылдың 19 қарашасында өтуі тиіс. Осылай деп Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрайымы Нұржан Шайлдабековамен кездесу кезінде айтты. «Сайлау күніне қалған тоғыз ай ішінде кемшіліктерді жойып, жаңа президент сайлауын ашық және таза өткізуді қамтамасыз етуіміз керек. Тек әділ және еркін сайлау ғана биліктің заңдылығын һәм елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етеді», – деп атап өтті Атамбаев. Нұржан Шайлдабекова президентке ОСК-де атқарылып жатқан жұмыстар жайында ақпарат беріп, сайлауды ұйымдастыру барысында барлық кем-кетіктердің орны толтырылып, жұмысты жақсарту үшін барлық шараны қолға аламыз деді. Қырғызстанда қабылданған жаңа Ата заңға сәйкес, президент бір жыл мерзімге ғана сайланады. Қазіргі президент Алмазбек Атамбаев қайта сайлауға түсе алмайды. Әзірге президенттік сайлауға елдің бұрынғы премьер-министрлері Темір Сариев пен Өмірбек Бабанов және «Онугуу-Прогресс» партиясының лидері Бақыт Торобаев кандидатураларын ұсынды.