Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

21 шілде, 2023 / Эльмира Ағабек
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сисиді және Мысыр Араб Республикасының барша халқын ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Мысыр арасындағы дәстүрлі достық қатынастар мен берік ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.