Жаңалықтар

Екібастұзда 72 отбасы пәтер кілтін алды – «AMANAT»

ашық дереккөзі

Екібастұзда 72 отбасы пәтер кілтін алды – «AMANAT»

Павлодар облысы Екібастұз қаласында «AMANAT» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасы аясында салынған 72 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Пәтер кілтін Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы, «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Илья Теренченко және Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин табыстады. «AMANAT» партиясы өз үйіне қол жеткізуді армандап жүрген жандардың тілегінің орындалуына мүмкіндік жасайды.  Кеншілер қаласында құрылыс қарқыны өсіп, дамып келеді. Жақын арада 72 пәтерлік тағы бір тұрғын үй жалға беріледі. 2027 жылдың соңына дейін Екібастұзда 528 пәтерлік 8 үйді салу және оны тапсыру жоспарланған», – деді Илья Теренченко.