Жаңалықтар

Алматыда әйел көршісінің қызын қолын байлап, қараусыз жерге алып кеткен (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Алматыда әйел көршісінің қызын қолын байлап, қараусыз жерге алып кеткен (ВИДЕО)

Алматы облысында көршісінің қызын аузы мен қолын байлап, қараусыз жерге алып кеткен әйел іздестірілген болатын, деп хабарлады turkystan.kz. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қыздың табылғаны жөнінде желідегі парақшасында жазды. Оқиға Алматы облысы Қарғалы ауылында болған. Қыздың анасының сөзінше, көршісі бұл әрекетке олардың ақшалай қарызы болғандықтан барған болуы мүмкін. Қазір көрші әйел ауылдан кетіп қалған.