Қазақстанның тағы бір қаласына LRT салу жоспарлануда

Қазақстанның тағы бір қаласына LRT салу жоспарлануда

Қазақстанның тағы бір қаласына LRT салу жоспарлануда
ашық дереккөзі

Шымкентте 2035 жылға қарай жеңіл рельсті көлік жүйесі салынады деп жоспарланып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. Қала әкімі Мұрат Әйтенов LRT құрылысы бас жоспарға енгізілгенін айтты. Дегенмен, нақты шешім сызбалар әзірленгеннен кейін ғана қабылданады. Жобаны жүзеге асыру инвесторлар мен бюджеттік мүмкіндіктерді табуға байланысты.

«Биыл халық санының өсу динамикасын ескере отырып, өзгерістер енгізілуде. Тұрғындарға өз ұсыныстарын айту үшін бір ай мерзім бердік. Көріп отырғандарыңыздай, LRT, BRT қосу туралы ұсыныстар айтылған. Мамандардың айтуынша, миллионнан астам тұрғыны бар қалаға баламалы көлік түрі қажет. Қазір олар LRT және BRT сызбаларын дайындап жатыр. Ол қалай байланыстырылады, бұл мәселені алдағы уақытта Үкіметпен талқылайтын боламыз», - деді Мұрат Әйтенов.