Жаңалықтар

Әблязов тағы да Астанаға "тергеуге" шақыртылды

ашық дереккөзі

Әблязов тағы да Астанаға "тергеуге" шақыртылды

Қазақстандық банкир және опозиционер Мұхтар Әблязовты тағы да "тергеуге" Астанаға шақырды. Республикалық сыбайласқан жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметі бойынша, қызмет Әблязовты тергеу алдында жауап беру үшін 15 ақпанға Астанаға келуін сұраған. Сыбайласқан жемқорлықпен күресу жөніндегі ұлттық бюроның мәлімдемесінде БТА Банктің директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязов "құрған қылмыстық топтың жеті миллиард доллардан астам қаражатты жымқыруын" тергеу жалғасып жатыр" делінген. Әблязов "Қылмыстық топ құру және оны басқару", "Қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру", "Банктің қаражатын заңсыз жолмен пайдалану", сондай-ақ өзгенің мүлкін иемдену және қызмет бабын асыра пайдалану баптары бойынша күдікті атанып отыр. Өткен жылдың желтоқсанында Мұхтар Әблязов француз түрмесінен босап шықты. Мұнда ол 2013 жылдың жазынан бері отырды. Францияның мемлекеттік кеңесі Әблязовты Ресейге беру жөніндегі үкіметтік шешімнің күшін жойып, істің саяси астары барын мойындады. Бұған дейін Әблязовты сыбайласқан жемқорлыққа қарсы қызметке 10 ақпанда "тергеуге" шақыртқан еді, "бірақ ол белгіленген уақытта келмеді, оның себебін түсіндірмеді", делінген бюро мәлімдемесінде.