Жаңалықтар

Экология министрі тартылып бара жатқан қызыл түсті көлге барды

ашық дереккөзі

Экология министрі тартылып бара жатқан қызыл түсті көлге барды

Экология министрлігінің өкілдері Павлодар облысының Павлодар ауданында орналасқан Коряковка көліне барды, деп хабарлады turkystan.kz. Көлге келген министрлік қызметкерлері, әкімдік өкілдері, экологтар, жергілікті тұрғындар су айдынын аралау кезінде тұз өндірілгенін атап өтті. Бірақ өндіріс өнеркәсіптік көлемде емес. Негізінен, халық өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тұзды жинаған. Осы мақсатта қарапайым әдіспен  (ванналарда) жүргізеді. Коряковка көлі жазық ойпатта орналасқан. Көлдің ауданы шамамен 11 км2, ұзындығы – 5,6 км, ені – 1,5 км. Су айдынының ауданы – 4,1 км2, тереңдігі – 0,3-0,7 м. Көл тұзды шөгіндіден құралған. Тұз қабатының тығыздығы өзгермелі,  0,42-ден 0,76 м аралығында, орташа 0,61 м. Көл Павлодар қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 17 км жерде орналасқан. Көлге ең жақын орналаскан елді мекендер: Коряковка (батысқа қарай) және Кеменгер (солтүстік-шығысқа қарай) ауылдары. Аудан жер бедері жазық құрғақ дала аймағында орналасқан.