Жаңалықтар

Алматыда әкесі туған қыздарын зорлап келген

ашық дереккөзі

Алматыда әкесі туған қыздарын зорлап келген

Алматыда туған әкесі 11 жасынан бастап туған қызын зорлап, үлкен қызына 8 жыл қорлық көрсеткен. Үлкен әпкесі өзінің қорланғанын біліп, кішісі үшін қорқып жүрген. Алайда әкесі екі қызын да бірнеше рет зорлағаны белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап. «Немолчи.кз» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дина Таңсәрі бұл оқиға туралы Facebook парақшасында жазды. «Анасы оқиға жайлы полиция бөлімінде бір-ақ естіген. Қыз әкесінің азаптауына шыдай алмай, үйден қашып кеткен. Кейіннен табылып, полицияға жеткізілген, сол жерде бәрін айтып берген. Анасы не болғанын тергеушінің кабинетінде ғана білген. Полиция қызды ата-анасы келмей тұрғанда сараптамаға апарғаны белгілі болды. Сараптама оны «зорланбаған» деп көрсеткенімен, шындығында, қыз баланы дұрыс тексермеген», - деп жазды Таңсәрі. Ол оқиғаның қашан басталғанын айтады. «Әкесі 2009 жылы дүниеге келген кіші қызын алғаш рет 2020 жылдың 21 қыркүйегінде зорлаған,  кейін тағы екі рет зорлық жасайды. Үлкен қызы 2003 жылы дүниеге келген, ол алғаш рет әкесінің зорлығынан 2015 жылы 12 жасында зардап шеккен, сонымен қатар әкесі оған бірнеше рет зорлық көрсеткен», - деді Дина Таңсәрі. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек бойынша іс қаралып жатқанын хабарлады. «Қазіргі уақытта жан-жақтылық және объективтілік қағидаттарына қатаң сәйкес жедел және тергеу іс-шаралары  кешені жүргізілуде. Сонымен қатар тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды»,- деп хабарлады Алматы қаласының  ПД баспасөз қызметі. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жарияланбайды. «ҚР Конституциясының 77- бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен анықталғанға дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі», - деп хабарлады олар.