Қазақстандық экс-футболшы жол апатынан көз жұмды

19 шілде, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Қазақстандық экс-футболшы жол апатынан көз жұмды Отандық бірнеше футбол клубтарының бұрынғы ойыншысы Әлібек Батырбеков жол апатынан көз жұмды, деп жазды turkystan.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 18 шілде күні Алматы-Талдықорған тас жолында жол-көлік апаты болды. Toyota Prado көлігі темір қоршауға соғылған. Машинада Талдықорғанға танымал футболшы Әлібек Батырбековтің болғаны белгілі болды. Ол әр жылдары "Бәйтерек", "Жетісу" футбол клубтарында ойнаған.