Әбу Бәкір Жәнібек джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Әбу Бәкір Жәнібек джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Әбу Бәкір Жәнібек джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды
ашық дереккөзі

Маңғыстаулық Әбу-Бәкір Жәнібек джиу-джитсудың файтинг бағдарламасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлады turkistan.kz облыстық Спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Әлем біріншілігіне 41 мемлекеттен 500-ден астам спортшы келіп, бақ сынауда. Әлем чемпионатында ұлттық құрама сапында маңғыстаулық 7 спортшы бақ сынады. -62 келі салмақта Әбу Бәкір Жәнібек алтын жүлде алса, күміс жүлдені колумбиялық спортшы, қола жүлдені швеяциялық спортшы және қазақстандық Аслан Қанатбек иеленді. Осыған дейін Әбу Бәкір ересектер арасында әлем чемпионатының 5 дүркін қола жүлдегері болып, 2023 жылы әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ, спортшы ақпан айында Бангкокта (Тайланд) джиу-джитсудан Азия чемпионы атанған болатын. Жарыс 15 шілдеде басталып, 21 шілдеге дейін жалғасады.