Жаңалықтар

«Каспийге» жаңа бапкер тағайындалды

ашық дереккөзі

«Каспийге» жаңа бапкер тағайындалды

Ақтаудың «Каспий» футзал клубына жаңа бас бапкер тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz bassport.kz-ке сілтеме жасап. «Маңғыстау футболының түлегі Сүндетқали Мамаев бас бапкерлікке тағайындалды. Ал Жақсылық Әлішбаев оның көмекшісі болмақ», - делінген хабарламада. Өткен маусымда Қазақстан чемпионатында Ақтау командасы 10 команданың арасында сегізінші орын алды. Плей-оффта Рудный «Аят» клубына есе жіберді. Команданы ол тұста Қазақстан футзалының ардагері Дінмұхамед Сүлейменов жаттықтырған.