Жаңалықтар

Мердігерлер Мағжан Жұмабаев ауданындағы мектептің жөндеу жұмысын уақытында аяқтамаған

ашық дереккөзі

Мердігерлер Мағжан Жұмабаев ауданындағы мектептің жөндеу жұмысын уақытында аяқтамаған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Октябрь ауылындағы мектептің күрделі жөндеу жұмысы биыл 2 маусымда басталып, жоспар бойынша қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс еді. Алайда, жаздың ортасына қарай «Деловой Альянс» ЖШС мердігері тіпті 30% жұмысты да аяқтамады.  Жақында білім беру мекемесіндегі жөндеу жұмысының барысымен «AMANAT» партиясының облыстық филиалының атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов танысты. Осы аптаның соңына дейін жұмысшылар еденге плитка мен линолеум төсеу жұмыстарын аяқтауы керек еді. Бірақ бұл жұмыс тек 20%-ға орындалды. Жұмыс әрі қарай уақтылы жүргізілуі үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға берілді.