IQanat қоры 8 елден келген этникалық қазақтарды халықаралық лагерьде жинады
IQanat қоры 8 елден келген этникалық қазақтарды халықаралық лагерьде жинады
Дүние жүзінің 8 елінен келген 176 этникалық қазақтың басын қосқан IQanat қоры «Отандастар» КЕАҚ-пен бірге бірлесіп, «Жас қазақ» жазғы оқу лагерін өткізді. 1-14 шілде аралығында Бурабай қаласындағы IQanat орта мектебінде бірегей білім беру лагері өтті. «Отандастар» қоры ұйымдастырған түрлі саладағы байқаулардың жеңімпаз балаларының басын қосты.
Лагерь бағдарламасының мақсаты балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру және академиялық пен шығармашылық дағдыларды дамыту болды. Ол үшін үйірмелер мен секциялар ұйымдастырылған болатын. Таңдау бойынша, оның ішінде ұлттық қолөнер, ағаш өндеу, қазақ биі, актерлік шеберлік, садақ ату, керамика, эбру, қазақ әндері, волейбол, футбол және қазақ күресі.
Лагерь қатысушылары алған әсерлерімен бөлісті. Иран елінен келген Павиз Пуя былай дейді: «Осында біз қазақтың салт-дәстүрімен, қазақ күресі мен ана тілімен таныстық. Біз бұл достарды ешқашан ұмытпаймыз. 14 күнде 14 мыңдаған қызықты және ұмытылмас сәттер болды».
АҚШ-тан келген Аят Давлетияров былай дейді: «Бұл менің тарихи туған жерге бірінші рет келуім. Осы 14 күн ішінде мен қазақ тілінің көптеген жаңа сөздері мен ережелерін білдім. Сөйлемді қалай бастау керектігін үйрендім және сөздік қорым жетілді. Ең бастысы қазақ тілімді жетілдірдім. Мүмкіндік болса, мен міндетті түрде Қазақстанға қайта келемін».