Біздің зауытта жұмыс істеу атадан балаға жалғасып келе жатыр – Ержан Әділбек
Біздің зауытта жұмыс істеу атадан балаға жалғасып келе жатыр – Ержан Әділбек
11 шілде, 2023 ж. Қарағанды, Қазақстан. Халық тұтынатын тауарлар секторындағы алғашқы және ең ірі инвесторлардың бірі «Эфес Қазақстан» Астана күні мерекесінің қарсаңында Қазақстандағы табысты қызметтің 26 жылдығы мен аты аңызға айналған «Карагандинское» брендінің 65 жылдығын атап өтті. Мерейтойға орай «Эфес Қазақстан» ШК АҚ Қарағандылық зауытының базасында фирмалық құйылмалы сыра дүкенінің ашылу салтанаты өтті.
Жаңа дүкеннің ашылуы салатанатты шара түрінде өтіп, кейін келген қонақтар мен БАҚ өкілдеріне зауыт тарихынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылды.
«Эфес Қарағанды сыра қайнату зауыты» зауытының директоры Әділбеков Ержан мырзамен сұхбаттасып, зауыт туралы сұраудың сәті түсті.
Өзіңіз туралы айтып өтсеңіз?
Бұл зауытқа яғни компанияға 2001 жылдың тамыз айында келдім. Өзім Шығыс жақтың тумасымын. Сол кезде қатардағы сату бөлімінің маманы ретінде жұмысқа орналастым. Нақтырақ айтқанда, компанияның ШҚО бойынша сату бөлімінің маманы ретінде келдім. 2007 жылы Астана қаласына осы аймақтағы сату бөлімінің басшысы ретінде келдім. 2009 жылы Қарағанды өңірі сату бөлімінің менеджері ретінде жұмысқа тағайындалдым.
Бүкіл Қазақстанды емес, бір ғана Қарағанды зауытын алатын болсақ, біз жылына орта есеппен 24-25 млрд теңге мемлекетке салық төлейміз. Бұдан бөлек Қарағанды зауыты облыс орталығында орналасқандықтан әлеуметтік жұмыстар бойынша көп шараларға қатысып, көмек қолын созамыз. Атап айтқанда: 2022 жылы «Жыл меценаты» номинациясын жеңіп алдық әкімдік тарапынан. Оған басты себеп пандемия кезінде қалалық ауруханаларда вирус жұқтырған азаматтарға көмектестік.
Зауыт қанша азаматты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр?
Дәл қазіргі уақытта 235 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз. Ең жасы үлкені – 63 жаста. Ең жасы – 21 жаста. Яғни біздің компанияда атадан-балаға дейтін дәстүр қалыптасқан. Бір отбасының атасы, әкесі және баласы қызмет етіп, ұрпақтан-ұрпаққа кезек беріп келе жатқандары да бар.
Бүркіт азаттықтың нышаны ғана емес, Сарыарқа даласының мақтанышы. Алып қыран – көптеген символдық мәнге ие айбынды құс. Бүркіт өзінің күштілігімен, сымбаттылығымен және ұлылығымен танымал. Бұл күштің, жоғары сапа стандарттарының және мінсіздікке ұмтылудың белгісі. Өз кезегінде бұл біздің компаниядағы жұмысымызда көрсететін құндылықтар. Бренд ретінде біз тұтынушыларымыздың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жоғары сапалы өнімдерге, үздіксіз жақсартуға және инновацияларға ұмтыламыз. Біз өз жетістіктерімізбен мақтанамыз және ұшқан алтын қырандай батылдық пен табандылықпен қиындықтарды жеңеміз. Сондай-ақ, біздің компания әлеуметтік жауапкершілік жолында бүркіт құсының санын арттыруға ықпал етті. Қыран құс Қызыл кітапқа енгізіліп, бірнеше жыл бұрын олардың саны азайған еді. Біздің компания бұл ретте өз үлесін қосып, бүркіттердің Арқа даласында кеңінен таралып, өсуіне бар күшін салып келеді.
Әңгімеңізге рақмет!