Жаңалықтар

Америкалықтар асырап алған қазақ қызы өзі тәрбиеленген Балалар үйіне көмектесті

ашық дереккөзі

Америкалықтар асырап алған қазақ қызы өзі тәрбиеленген Балалар үйіне көмектесті

Америкалықтар асырап алған қазақ қызы Астанаға келіп, өзі тәрбиеленген Балалар үйіне көмектесті, деп хабарлады turkystan.kz.   Сәбина (қазіргі аты – Скайлар) сәбилерге қуаныш сыйлап, жұрттың алғысына бөленді. «9 ай құрсақта көтеріп туған ана ана ма? Туғанындай қарап, тәрбиелеп жеткізген ана ана ма? Бұл сұрақтың жауабын бүгін тапқандай болдық. Қалай дейсіз бе? Бүгін бізге осы балалар үйінде тәрбиеленіп, өз елінен жыраққа кеткен қызымыз келді. Арада қаншама жылдар өтсе де, еліне деген ыстық махаббатын жұдырықтай жүрегіне салып, сағынышпен өскен ортасына келді. Сәбина (Скайлар) жай ғана келмей, достарымен бірігіп, еліме бір пайдам тисе екен деген ниетпен өзінің елге деген махаббатын қайырымдылық жобасын ұйымдастыру арқылы білдірді. Бұл ниеті бәріміздің жүрегімізді елжіретіп, көзімізге жас келді» деп жазды Балалар үйінің баспасөз қызметі Instagram-да. Сәбина достарымен бірге киім-кешек сатып, жинаған қаржысына  музыкалық аспаптар, ойыншықтар мен баланың дамуына арналған заттар сатып алып, Балалар үйінің бүлдіршіндеріне сыйға тартты.