Жаңалықтар

Өзбекстан президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келмек

ашық дереккөзі

Өзбекстан президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келмек

Биылғы жылдың бірінші жартысында елімізге мемлекеттік сапармен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев келеді. Өзбек басшысын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы шақырған. Бұл туралы Ортақы Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.

Ташкенттегі қазақстандық дипломатиялық қызметтің хабарлауынша, сапар барысында стратегиялық әріптестік мәселелері талқыланады. "Өткен жылдың аяғы мен 2017 жылдың басында екі жақты қарым-қатынас белсенді дами бастады. Соған байланысты, шешілуі тиіс көптеген сұрақтар туындады. Осы орайда, екі мемлекет басшысының кездесуі өте өзекті болып отыр" , – деді Өзбекстандағы Қазақстан елшілігіндегі дереккөз. Сонымен қатар, жақын уақытта тағы бірқатар екі жақты кездесулер мен сапарлар жоспарланған. Атап айтқанда, Қорғаныс және әскери-техникалық әріптестік жөніндегі жаңа министрлік өкілдерінен тұратын қазақстандық делегация Өзбекстанға сапарлап барады. Ұлттық темір жол операторлары делегациялары да кездеседі. Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің мәліметі бойынша, биыл екі ел арасында ресми сапарлар көп болады. Айта кетейік, Шавкат Мирзияевтің Өзбекстан президенті ретіндегі алғашқы сапары Ресейге жасалмақ.