Жаңалықтар

Астанада «Семейный капитал» қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы ұсталды

ашық дереккөзі

Астанада «Семейный капитал» қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы ұсталды

Астанада «Семейный капитал» қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz Qazaqstan Ұлттық телеарнасына сілтеме жасап. Ол тұрғын үй сатып алу бойынша жалған бағдарлама жасап, клиенттермен келісімшарт жасасқан. Оның шарты бойынша 300 мың теңгеден 5 млн теңгеге дейінгі инвестиция, 30-дан 60 пайызға дейін артық төлеммен тұрғын үйді алудың күту мерзімі 6 айдан 10 айға дейін көрсетілген. Соның салдарынан азаматтар уәде еткен пәтерлерін алмаған, салған қаржысы қайтарылмаған. Аталған азамат жалпы сомасы 450 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірген. Ол қазір уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.