Жаңалықтар

Маңғыстау облысында жастар арасында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Маңғыстау облысында жастар арасында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауылы Тажиев көшесінде 15 шілде күні сағат түнгі 03:00 шамасында екі топ арасындағы жаппай төбелес болды. Төбелестің неден туындағаны әлі белгісіз. Күдікті деген алты азамат ұсталды. Олардың жастары – 24-25 шамасында. ҚР ҚК 3-бабы бойынша іс қозғалды. Жаппай төбелеске қатысқандар 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.