Абай облысындағы орман өртінің беті қайтты
Абай облысындағы орман өртінің беті қайтты
Абай облысындағы орман өрті оқшауланды, деп хабарлады turkystan.kz.
ТЖМ және орман шаруашылығы бөлімшелерінің бірлескен күшімен 19:33-те өрт оқшауланды. «Семей орманы» МОТР ақпараты бойынша, өрттің ауданы – 350 гектар, оның 150 гектары – орман.
Қазір өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Ауа райының қолайсыздығынан қызыл жалынды ауыздықтау қиындаған: жоғары ауа температурасы, қатты жел және тығыз өсетін дақылдардың болуы, сондай-ақ батпақты жер.