Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты Шахтинск ЖЭО-дағы бейберекетсіздік туралы айтты

ашық дереккөзі

Мәжіліс депутаты Шахтинск ЖЭО-дағы бейберекетсіздік туралы айтты

Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» фракциясы мүшелерінің өңірлерге сапары жалғасуда. Халық қалаулысы Бауржан Смағұлов Қарағанды облысының Шахтинск қаласында болып, «Шахтинстеплоэнерго» ЖШС-ға тиесілі жергілікті жылу электр орталығына барды. Сапар барысында халық қалаулысы жылу электр орталығындағы бірқатар мәселені анықтады. Оны уақытылы шешпеген жағдайда, қала тұрғындары қыста жылусыз қалады. Биыл мамырда 1-ші, 3-ші және 4-ші қазандықтарды жөндеу жұмысы басталды. Бұл жұмыс 15 қыркүйекте аяқталуы тиіс.