Жаңалықтар

Кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады – «AMANAT»

ашық дереккөзі

Кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады – «AMANAT»

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясында Bookcrossing Club-тың кезекті отырысы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде атап өткендей, смартфон баланың қолындағы кітаптың орнын баспауы қажет. Оның айтуынша, шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Осыған байланысты Президент ұлттық мүддеге сай келетін кітаптарды көптеп басып шығарудың маңызды екенін атап өтті. «Қазір қазақ тіліндегі контент танымал бола түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша қазақстандықтардың 90%-дан астамы мемлекеттік тілді меңгерген. Интернет пайдаланушы жас буын контентті негізінен қазақ тілінде құруды және тұтынуды жөн көреді. Бүгін біз отандық әдебиеттің негізгі трендтері мен даму жолдарын талқыладық», – деді партия хатшысы Дәулет Кәрібек. Айта кету керек, «AMANAT» сайлауалды бағдарламасы аясында еліміздің әдеби игілігін цифрландыру үшін бірыңғай кітапхана платформасын құру жоспарлануда. Сонымен қатар, мәдениет, мұрағат және кітапхана қызметкерлерінің жалақысы екі есеге артады. Осы жылдың өзінде 44 мәдениет нысаны салынып,  250-інде жөндеу жұмысы жүргізіледі. Олардың ішінде театрлар, кітапханалар, білім беру және демалыс орталықтары бар.