Жаңалықтар

Cуға кеткен екі жасөспірімді құтқарған студентке ректордың гранты табысталды

ашық дереккөзі

Cуға кеткен екі жасөспірімді құтқарған студентке ректордың гранты табысталды

Cуға кетіп бара жатқан екі жасөспірімді құтқарып қалған Ә.Марғұлан университетінің 1 курс студенті Асан Асайыновқа ректордың гранты табысталды, деп хабарлады turkystan.kz. Павлодар облысының басшылығы студентке алғысын білдіріп, сый жасады. Осыдан екі күн бұрын Асан аптап ыстықтан қорғану үшін орталық жағалауға барған. Іле, суға кетіп бара жатқан жасөспірімді көреді де, ойланбастан суға сүңгіп кетеді. Жасыбай жағасында малтуды үйренге өжет жігіт екеуін де жағаға дін аман алып шыққан.