Жаңалықтар

Стамбулда түнгі клубты шабуылдаушы өзіне өлім жазасын сұраған

ашық дереккөзі

Стамбулда түнгі клубты шабуылдаушы өзіне өлім жазасын сұраған

Стамбулда жаңа жыл түнінде Reina клубына шабуыл жасаған Абдулкадыр Машарипов Түркияда өлім жазасы алынып тасталғанына қарамастан, соттан өзіне өлім жазасын сұрады. Бұл жөнінде түріктің Sabah басылымы хабарлайды. Қазіргі уақытта Түркияда 34 жастағы Өзбекстанның тумасы «Әбу Мухаммед Хорасани» лақап атымен танымал Абдулкадыр Машариповке қатысты сот процесі жүріп жатыр. Тергеу ісі кезінде Машарипов Reina клубына шабуыл жасауға сириялық Ракка қаласында тұратын әмірінен тапсырма алғанын айтқан. Бұл қаланы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы өздерінің халифатының "астанасы" ретінде жариялаған. Ол алдымен Стамбулдың "Таксим" алаңына шабуыл жасауды көздегенін, бірақ қауіпсіздік шарасы күшейгеннен кейін, Reina түнгі клубына шабуылдауды шешкенін айтқан. 1 қаңтарға қараған түні Reina түнгі клубында болған шабуылдан 39 адам қаза тауып, 65-і жараланған. Жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы алды. Абдулкадыр Машарипов 16 күн өткеннен кейін Стамбулде ұсталды. Кейін түріктің Anadolu агенттігі Абдулкадыр Машарипов Өзбекстанда террористік ұйымның мүшесі ретінде іздеуде болғанын хабарлаған.