Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды

ашық дереккөзі

Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды

Үкімет қаулысымен Аманғали Бисенбайұлы Бердалин Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz. Аманғали Бердалин 1964 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринарлық институтын, Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін бітірген. Еңбек жолын 1981 жылы құрылысшы болып бастаған. 1989-1994 жж. – Ақтөбе облысы Г. Шевченко атындағы кеңшардың аға мал дәрігері, бас мал дәрігері. 1994-2011 жж. – Г. Шевченко атындағы кеңшарда «Қарабұтақ» ұжымдық кәсіпорнының төрағасы, «Қарабұтақ» ЖШС-нің директоры. 2011-2012 жж. – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімі орынбасарының м.а., әкімі. 2012-2016 жж. – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімі. 2016-2019 жж. – Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі. 2019-2021 жж. – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары. 2021 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қаңтарға дейін VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі болды.