Ақмола облысында баланы құтқармақ болған мектеп мұғалімі суға батып кетті
Ақмола облысында баланы құтқармақ болған мектеп мұғалімі суға батып кетті
Щучинскіде 65 жастағы мектеп мұғалімі суға батып бара жатқан баланы құтқару кезінде қаза тапты. Ақпаратты Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Кеше Щучинск қаласында көлде суға батып бара жатқан баланы құтқару кезінде 1958 жылы туған ер адам суға батып кетті. Ер адам баланы құтқарып қалды. Бірақ өзін құтқара алмады», - деді Төтенше жағдай департаменті қызметкерлері.
Құтқарушылар облыс тұрғындары мен қонақтардан суда қауіпсіздік ережелерін сақтап, балаларын қараусыз қалдырмауын сұрайды.
Мәліметке сүйенсек, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі қаза тапқан.
«2023 жылдың 12 шілдесінде баланың өмірін сақтап қалған, еңбек сіңірген ұстаз, өз ісінің кәсіби маманы Александр Иванович Руденко өмірден озды. Ол алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі, жанашыр және зейінді адам болды. Жоғары білімді, тәжірибелі моральдық-этикалық принциптерді ұстанған ол педагогикалық ұжымда да, оқушылар мен ата-аналар арасында да әрқашан құрмет пен сүйіспеншілікке ие болды. Бұл - біздің заманымыздағы батылдық пен жауапкершіліктің сирек кездесетін үлгісі. Даңқты өлім деуге болады», - делінген хабарламада.