Жаңалықтар

Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында ел қоржынына 2 медаль түсті

ашық дереккөзі

Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында ел қоржынына 2 медаль түсті

Таиланд астанасы Бангкокта жеңіл атлетикадан XXV Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде Қазақстан ұлттық құрамасы 2 медаль жеңіп алды, деп хабарлады turkystan.kz. Биіктікке секіруден Ұлттық құрама спортшысы Кристина Овчинникова чемпион атанса, Елизавета Матвеева күміс жүлдеге ие болды. Екі қазақстандық атлет 1,86 метрге қарғыған, - делінген «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК хабарламасында. Кристина алғаш болып осы көрсеткішті тіркегендіктен бас жүлдені алды. Қола медаль өзбекстандық Светлана Радзивилге бұйырды (1,83 м). Айта кетейік, қазір Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміспен жалпы есепте 4-орында тұр.