Тоқаев Франция президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

14 шілде, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Тоқаев Франция президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды және барша француз халқын Францияның ұлттық мейрамы – Бастилияны алу күнімен құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Франция арасындағы сенімді саяси диалог пен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастыққа негізделген стратегиялық серіктестіктің нығайып келе жатқанын атап өтті.