Димаш Құдайберген фортепиано сүйемелдеуімен «Adagio» әнін шырқайды

Димаш Құдайберген фортепиано сүйемелдеуімен «Adagio» әнін шырқайды

Димаш Құдайберген фортепиано сүйемелдеуімен «Adagio» әнін шырқайды
ашық дереккөзі
«I am Singer» байқауының 6-кезеңінде Димаш Құдайбергенов фортепианода ойнай отырып итальян тіліндегі «Adagio» әнін шырқайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы тілшісі. «6-кезеңде Линь Илянь «Мәңгілік жаз» әнін, Тань Цзин - «Сезімдер өзгергені үшін көкке реніш», Чжан Цзе - «Үлкен аға», «Lion» тобы - «Сүю», Джастин - «Сау бол» дегім келеді» әндерін орындайды. Димаш фортепианода өз сүйемелдеуімен алғаш рет итальян тілінде «Adagio» әнін айтады», - деп хабарлады қытайлық БАҚ. Ән байқауының 4-кезеңінде шығып қалған Чжао Лэй «Отыздағы келіншек» биске әнін орындайды. «Weibo» парақшасындағы Димаштың жұмыс тобында оның фортепианода отырып, дайындық жасап жатқан суреті жарияланды.