Жаңалықтар

Павлодарда тұрғын үйден граната табылды

ашық дереккөзі

Павлодарда тұрғын үйден граната табылды

Павлодардағы пәтердің бірінде жөндеу жұмыстары кезінде гранатаға ұқсас зат табылды, деп хабарлады turkystan.kz. Рavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, оқиға орнына дереу шұғыл қызметтер жіберілген. Полицияға 12 шілде күні сағат 21.43-те гранатаға ұқсас зат табылғаны туралы хабарлама түскен. «Аталған зат Н. Назарбаев даңғылы, 20 мекенжайы бойынша орналасқан үйдегі пәтерлердің бірінің жуынатын бөлмесінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде табылған. Сол жерге дереу шұғыл қызметтер жіберіліп, саперлер жұмыс істеді. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілді», - делінген хабарламада.