Жаңалықтар

Қостанайда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

ашық дереккөзі

Қостанайда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Қостанайда «Жастарға жұмыс» партиялық жобасы аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараға әртүрлі саладан 30-ға жуық ұйым қатысты. Жастардың жәрмеңкеде өндіріс орындары, халыққа қызмет көрсету, банк жүйесі, қосымша білім беру ұйымдары, ветеринарлық клиникалар, әскери бөлімдер мен полиция қызметіндегі кәсіптерді таңдауға мүмкіндігі болды. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне 10-нан астам өтініш түскен. Партия арқылы өтініш тілектерін білдірген азаматтардың сұрағы да жұмыссыздыққа байланысты болды. «Отбасы банк» ҚҚ  үнемі жастар жәрмеңкесіне қатысады. Мамандарының айтуынша, кадр тапшылығы мәселесі әлі шешімін таппаған. Жәрмеңке жұмыс беруші мен іздеушіге тиімді», - деді банк қызметкері Әмір Ескендіров. Жұмыс іздеуші Рина Қажығалиева 20 жаста. Қостанай өңірлік университетінің заң мамандығы  бойынша 3-курс студенті. Қазір құқық қорғау органында тәжірбиесін шыңдап, болашақта осы салада қызмет еткісі келетінін айтты. «Әскери қызметшілер мен құқық қорғау қызметкерлерімен сұқбаттастым. Университет қабырғасында әскери кафедрада оқып жүрмін. Бұл сала өзіме қатты ұнайды», - деді ол. Жәрмеңке нәтижесінде жұмыс берушілермен сұхбат кезеңіне 104 адам жазылды. 13 адам бірден жұмысқа қабылданды. Қостанай облысында кадр тапшылығы бар екені белгілі болды. Алдағы уақытта да «Жастарға жұмыс» жобасы жүзеге асырылмақ. Жұмыс берушілер тарапынан қызығушылық артуына байланысты тұрақты түрде өткізіп тұрмақ.