Жаңалықтар

Франция президентіне адам саусағы бар хат жолданған

ашық дереккөзі

Франция президентіне адам саусағы бар хат жолданған

Франциядағы Елисей сарайына адамның кесілген саусағы бар сәлемдеме жіберілген, деп хабарлады turkystan.kz Valeurs Actuelles сайтына сілтеме жасап. Оқиға, француз басылымының мәліметінше, 9-10 шілдеде болды. Бастапқыда ол күзетшілер тамақтарын уақытша сақтайтын тоңазытқышқа қойылды. Жіберілген саусақтың иесінің жеке басы анықталды. Қазір тиісті мемлекеттік органдар оның денсаулық жағдайын анықтауда. Аталмыш оқиғаға қатысты Франция президентінің баспасөз қызметі жергілікті журналистерге ресми түсініктеме берген жоқ.