Дәурен Абаев БАӘ-де екіжақты кездесулерді өткізді
Дәурен Абаев БАӘ-де екіжақты кездесулерді өткізді
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Дубайда The World Government Summit-тің өткізілуі шеңберінде Біріккен Араб Әмірліктерінің Экономика министрі Сұлтан ибн Саид әл-Мансури мырзамен кездесу өткізді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Дәурен Абаев цифрландыру саласындағы тәжірибемен, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасымен бөлісіп, Smart-city дамыту шеңберінде Астана хабын құру туралы айтып берді. Тараптар цифрлық трансформацияны ілгерілетуге және дамытуға бағытталған IT және жоғары технологиялар саласында өзара ынтымақтастық туралы келісті.
Сол сияқты Дәурен Абаев БАӘ Бақыт министрі Охуд Әл-Румимен кездесті. Тараптар халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету, ұсынылатын рәсімдерді жеңілдету процесін жаңғырту саласындағы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер саласындағы менеджмент мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастық және ілгерілету мәселелерін талқылады.